Аурудың алдын алудың тиімді жолы

13
0

Скринингтік зерттеулер – бұл ауруды ерте кезеңінде анықтау үшін денсаулығына шағымдары жоқ адамдардың медициналық тексерілуі. Бұл халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды шара. Яғни, скрининг 30 бен 70 жас аралығында адам бойында болуы мүмкін ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. 

Көңіл-күйіңізге, денсаулығыңызға ешқандай шағым болмаса да скринингтен міндетті түрде өту қажет. Профилактика – сіздің денсаулығыңызды қорғаудың маңызды әдістерінің бірі. Бүкіл әлемдегі медицина қазір дәрігерлердің, мемлекеттің ғана емес, азаматтардың өздерінің де денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті арттыруға шақырады. Сондықтан жүргізілетін тексерулерде қалмаған абзал.

Әрбір емханада скринингтік кабинеттер бар, онда дәрігер өмір салты мен тамақтану рационы, зиянды әдеттердің, тұқым қуалайтын аурулардың болуы туралы сұрап, бойын, салмағын, қан қысымын өлшейді, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексереді. Содан кейін қажет болған жағдайда пациент қосымша тексеруге немесе бейінді маманның кеңесіне жіберіледі. Скринингтік тексеруге келген кезде жүргізілетін іс-шаралар тізбесі мынадай: Қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары – артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, ерлер мен әйелдер арасындағы қант диабеті, әйелдер арасындағы жатыр мойнының қатерлі ісігі, әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісіктері, ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома, ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ ішектің және тік ішектің қатерлі ісігі және тәуекел тобындағы адамдарға созылмалы В және С гепатиттері. Мысалы, жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді. Егер осы жылы науқас скринингтен өту үшін тізімге енгізілсе, учаскелік медбике оны скринингке шақырады және тексеруге қалай дайындалу керектігін айтады. Скринингке жататын ауруы бойынша «Д» есепте тұрған адамдарға тексеру жүргізілмейді.

Сау болам десеңіз скринингтік тексеруден өтуді ұмыпаңыз. Өйткені өз денсаулығыңыз өз қолыңызда! 


Гүлзат Мергенова, 

№3 қалалық емхана скринингтік мейірбикесі

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: