Әлемдік рейтингіге Қазақстанның қандай ЖОО-лары енді

87
0

 QS World University Rankings аясында 2024 жылға арналған әлемдегі үздік университеттердің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Тізімге Қазақстанның 20-дан астам оқу орны енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл рейтингіде Еуропаның және АҚШ-тың университеттері көш бастап тұр. Беделді рейтингінің жалпы ұпайы 9 көрсеткіш негізінде анықталды. Бұл тұрғыда академиялық бедел, жұмыс берушінің танымалдығы, оқытушылар мен студенттер саны, оқытушылардың жетістігі, шетелдік оқытушылар бойынша көрсеткіш, шетел студенттерінің үлесі, сондай-ақ халықаралық зерттеу бағыты, жұмыспен қамту және тұрақты даму нәтижелері зерттелді.

Әлемдік рейтингіге енген Қазақстан ЖОО-лары:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (230-орын);

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (355- орын);

- Satbayev University (481-орын);

- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (611-орын);

- Қазақ ұлттық аграрлық университеті (641-орын);

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (681-орын);

- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (781-орын);

- Алматы технология университеті (801-орын);

- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (801-орын);

- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (851-орын);

- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (901-орын);

- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (901-орын);

- KIMEP University (951-орын);

- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (1001-орын);

- Қазақстан-Британ техникалық университеті (1001-орын);

- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (1201-орын);

- М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (1201-орын);

- Нархоз университеті (1201-орын);

- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (1201-орын);

- Сулейман Демирель атындағы университет (1201-орын);

- Торайғыров университеті (1201-орын).

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: