Қаралы қаңтар: Құпияға толы бір жыл

122
0

Сараптама

Былтыр дәл осы уақытта Қазақстанның бірқатар аймағында елдегі көгілдір отынның қымбаттауына байланысты наразылық басталып, соңы қантөгіске ұласты. Әуелі Жаңаөзен халқы сұйытылған газ бағасының күрт шарықтағауына қарсылық білдіріп, алаңға жиналған еді. Кейін бұл шараны өзге қалалардың да тұрғындары қолдады.Қызылорда қаласында көшеге шыққан халық әлеуметтік жағдайдың нашарлап кеткенін айтып, үкімет саясатын сынады. Бейбіт митингіден басталған қарсылық акциясы қақтығыс пен тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімдігі, сот пен билік партиясының ғимараттары өртеніп, полиция кеңселеріне шабуыл жасалды. Сол қанды оқиғадан бері  бір жыл өтті.

Оқиға қалай басталды?

4 қаңтарда жергілікті уақытпен түскі екінің шамасында Қызылорда қаласындағы Aray City Mall сауда орталығы алдына қарапайым халық Жаңаөзендегі наразылықты қолдау үшін жинала бастады. Әлеуметтік желілерде бұл хабар көпшілікке тез тарады. Сол себепті, наразы топтың саны да жылдам арта берді. Қасында ондаған полиция қызметкері мен прокуратура өкілі бар сол кездегі Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев те сол жерде жүрді. 

Жиналғандар әуелі түске дейін жиналып, кейін полиция ұстап алып кеткен 20 шақты жігітті босатып, осы жерге алып келуді талап етті. Құзырлы орган наразы топтың бұл талабын жақын арады орындайтынына уәде етті. Одан соң прокурор бұл митингінің заңсыз екенін айтып, жиналғандарды тарауға шақырды. Бірақ қымбатшылыққа, әлеуметтік жағдайының күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтқан наразы азаматтар бұл жерден кетпеуге бекінді.

Демонстранттар елдегі жанар-жағармай, азық-түліктің бағасы күн сайын өсіп жатқанын, сұйылтылған газ былтырғымен салыстырғанда екі қымбаттап кеткенін жеткізіп жатты. Бұдан бөлек "Шал, кет!", "Премьер-министрді отставкаға жіберсін!" деген саяси талаптар да естілді. Бірақ сол жердегі кейбір адамдар "митингіні саясиландырмауға" шақырды. 

Кеш түсе жиналғандардың саны көбейе берді. Сауда үйінің алдына сыймағандықтан, наразы топ сол жерден өтетін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын жапты. Полиция оларды бөгемек болғанымен, жиналғандарға күші жетпеді. 

Түнгі уақытта талабы орындалғанша осы жерден тапжылмауға бекінген наразы керек-жарақ алуға ақша жинай бастады. Белсенділердің айтуынша, көп ұзамай 70 мың теңге ақша жиналған. Сол қаржыға түн мезгілінде тамақтану үшін азық-түлік алып келді. Мұнан соң жан-жақтан қазан-ошақ, су қайнататын үлкен ыдыс жеткізілді.

Топ ішіндегі масаң күйдегі кей азаматтар полиция қызметкерлерін халық жағына өтуге шақырды. Бірақбелсенділер "арандатпаңдар" деполардықуыпжіберді.

Әкімге айтылған талап 

Сауда үйінің алдына жиылған топтың қатары түн мезгілінде шамамен мыңнан аса жығылды. Олар талаптарымен қоса әлсін-әлсін Қазақстан Республикасының Гимінін де айтып тұрды. Кейбір адамдар полиция басшыларына арнайы жасақты алып кетуді, әйтпесе наразы топтың өршелене беретінін айтқан соң, арнайы жасақ әрі ығысты.

Сағат 21:00-дер шамасында наразы топ алдына сол кездегі Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Шулаған халық әкімнің сөйлеуіне мұрша бермеді. Сол кезде топ арасынан жас жігіт шығып, дауыс зорайтқыш апаратты алып, өз талаптарын қоя бастады. 


Ол әкімге халықтың "Елбасы туралы" заңды жою, қауіпсіздік кеңесін таратуды талап ететінін жеткізді. Мұнан соң "сіздердің әділетсіз сайлауларыңыздан шаршадық" деген әлгі жігіт Қазақстанның сайлау туралы заңын, саяси партияларды тіркеу талаптарын өзгерту қажет екенін мәлімдеді. Бұған қоса 1993 жылы қабылданған Қазақстан Конституциясын қайтаруды да айтты.

"Бұл талаптарымызды сіз орындай алмайсыз, – деді әлгі адам облыс әкіміне, – Сондықтан қолыңыздан келетінді істеңіз: бізге биоәжетхана мен халық осында паналайтын палатка әкеп беріңіз. Содан соң боссыз".

Жігіт әр талапты тізіп айтқан сайын халық "Дұрыс!", "Алға!" деп айқайлап, оны қолдап тұрды. Бұдан кейін облыс әкімі бұрылып, көлігіне беттеді. Осы сәтте оған наразы топ арасынан пластик құты лақтырғандар болды. Кейбірі шенеунік мінген көлікті тебе бастады. Әкім көлігі наразы көптің арасынан сытылып шығып кетті.

Тыныш өткен түн 

Әкім кеткен соң жиналған жұрттың көпшілігі үйлеріне тарқасты. Жол үстіне қазан-ошақтар қойылып, ас дайындалды. Жиналғандар сол маңнан ас-ауқаттарын ішу қамына кірісіп кетті. Бұл уақытта мобильді байланыс операторлары интернет желісінен ажыратыла бастады. Кейін "Қазақтелеком" операторының үйдегі интернет байланысы да толық желіден ажыратылды. 

Түнгі он екілер шамасында демонстранттар қатары қайта көбейді. Бірақ бәрі бейбіт түрде өтіп жатты. Тәртіп бұзушылар байқалмады. Полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ оларды тек сырттарынан бақылап тұрды. Интернет желісі осы ажыратылғаннан бір аптаға жуық іске қосылған жоқ. 

Дүрбелең

5 қаңтар күні қалада атыс-шабыс даусы қатты естілді. Қала көшелерінде қоғамдық көліктер жүрмейді. Түнде ғана Назарбаев даңғылын жауып тұрған патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі де жоқ. Сауда орталығы қасында 8 автокөлік өртеніпті, біреуі автобус. Жерде полиция қызметкерлерінің киімдері, резеңке оқ қалдықтары шашылып жатты.

 Көше бойында жатқан сынған кірпіш пен ағаштан көз сүрінеді. Қазақстан туын ұстаған бір жігіт шеруді бастап, жұртты облыс әкімдігіне баруға шақырып жатты.Басына қалпағын баса киіп, бетіне медициналық маска тағып алған бірнеше жігіт шерудің алдына түсіп, облыс әкімдігіне бастап кете барды.

Бірнеше мың адам Назарбаев көшесімен шерулетіп, әлгі жігіттердің соңына ілесіп отырды.  Арасында қыз-келіншектер де бар. Бәрі ту ұстаған адамға ілесіп, соның соңынан "Шал, кет!" деп айқайлап барады.

Бұл уақытта әкімдік ауласын қолында қалқаны мен резеңке тоқпақтары бар әскерилер қоршап тұрды. Шерушілер әкімдік маңына жетіп, қоршауы мен қақпасына шабуылдай бастады. Құлақ тұндыратын гранаталар жарылып, гүрс-гүрс еткен мылтық даусы үдей түсті. Кей жігіттер әкімдік терезелеріне тас лақтырып, әйнегін сындырды.

Шамамен 10 минутқа созылған қақтығыстан соң әскерилер әкімдікті тастап қаша бастады. Мұнан соң наразы топ әкімдік басып алды. Кейбір адамдар әкімдік гаражындағы қызметтік көліктерді айдап шыға бастады. Кейбірін өртеп, кейбірін айдап кетті. Бұл уақытта гараж да отқа оранған еді. 

Әкімдіктен соң сол маңға жақын жергілікті полиция департаменті ғимараты маңында да гүрсілдеген мылтық дауысы үдеп кетті. Әуелі белгісіз біреу әскери жүк көлігімен ғимарат ауласындағы қақпаны соқты. Одан соң облыс әкімдігінен айдап әкеткен Toyota Camry маркалы жеңіл көлікпен қоршауды барып қақты. Бірақ екі көлік те қоршаудың ішіне өте алмады.

Ғимарат алдындағы автотұрақта да бірнеше жай көліктер де өртенді. 30 шақты адам ғимаратқа басып кіруге әлсін-әлсін әрекет етті. Қалғандары оларды сырттай бақылаумен ғана болды. Атылған мылтық пен жарылған граната даусынан қаланың бұл тұсы құдды соғыс алаңына айналғандай еді. Таңға дейін қалада мылтық даусы әр жерден оқтын-оқтын естіліп тұрды.

Түнгі уақытта наразы топты бір бөлігі орталық алаң маңындағы соттардың, сол кездегі Нұр-Отан партиясының ғимараттарын өртеп жатқан еді. 


Қақтығыстан кейін ...


6 қаңтар күні Қызылорда қаласында тыныштық орнады. Көшеде көліктер жүріп, тұрғындар күнделікті тіршіліктеріне орала бастады. Алайда, бұл уақытта полиция қызметкерлері көшелерде кезікпеді. Көше бойында өртенген көліктердің қаңқалары әлі жатты. 

Қазақстанның барлық аймағындағы сияқты Қызылорда облысында да төтенше жағдай жарияланған. Тұрғындарға сағат 23:00-ден таңертеңгі 7:00-ге дейін көшеде жүруге тыйым салынды.

7 қаңтарда Қызылордаға әскерилер келіп, көшеге бақылау жасай бастады. Қаланың кіреберіс жерлеріне блок-пост орнатылып, арнайы көлік мінген жасақтар жүрді. Сол күні қаланың әр тұсынан атылған мылтық даусы естіліп тұрды. Көшеде бұрынғыдай полицияның қызмет көліктері жүре бастады. Бірақ 10 қаңтарға дейін облыс бойынша мекемелердің басым көпшілігі жұмыс істеген жоқ.

Бұл күндері облыс орталығындағы ірі сауда орындары жабық тұрды, ал шағын дүкендер бұрынғысынша жұмыс істей берді. Жанармай бекеттерінің алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Сұйылтылған газ сататын бекеттерде наразылыққа дейін литрі 110-120 теңге болған газ бағасы 60 теңге деп жазылған, бірақ кейбірінде газ  болған жоқ. Қала бойынша бір-екі жерде ғана банкомат жұмыс істейді. Онда да кезек күткен халық көп. 

Ресми дерек не дейді?

Облыстық прокуратура таратқан мәліметте оқиға кезінде 5 мемлекеттік ғимаратқа шабуыл жасалды делінген. Олар – облыс әкімдігі, жергілікті полиция қызметі, қалаық полиция басқармасы, соттар және сол кездегі Нұр-Отан партиясының Қызылорда облысындағы филиалының ғимараты. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге тиесілі 52 автокөлік өртеніп, 70 автокөлік зақымданды деген дерек келтіреді. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 800 млн теңге деп есептелінген. 

Мұнан бөлек 5 қаңтар күні жеке адамдар меншігіндегі 11 автокөлік өртеніп, 7-сі зақымданғанын мәлімдейді. Ол адамдардың жалпы шығыны 37 млн теңге деп бағаланған.

Тәртіпсіздік кезінде 9 кәсіпкерге келтірілген 32 млн теңге шығынның қайта өндірілгені де көрсетілген прокуратура таратқан ақпаратта. 

Қаңтар оқиғасы кезінде құқық бұзушылықтарға қатысы бар делінген 190 адам күдікті деп танылса, оның 25-і оқиға кезінде қаза тапқан. Тергеу нәтижелері бойынша 170 адамға қатысты 40 іс сотқа жолданыпты. Бүгінгі күнге дейін 167 адамға қатысты 38 іс бойынша айыптау үкімі қабылданған. Талдап айтар болсақ, 4  адам бас бостандығынан айрылса, 118 адамға жазасын шартты түрде өтеу белгіленген. 27 адамның бас бостандығы шектелсе, қалған 6 адамға өзге шаралар қабылданған.3 адамға қатысты 2 іс әлі соттың қарауында. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Рақымшылық туралы» заңына сәйкес 147 адам рақымшылыққа ілініп, жазасыжеңілдетіліпті.

Сонымен қатар, 2022-жылдың 10-14 қаңтар аралығында заңсыз акцияларға қатысқаны үшін 131 адам, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 252 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы жазылған хабарламада.

Билікте болған белгілі жайлар...

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында 5 қаңтарға қараған түні төтенше жағдайжариялады. Ертесінебүкілелдетөтеншежағдайрежиміенгізілді. Мемлекетбасшысы осы күні «елденкетпейтінін, Нұр-Сұлтанқаласындақалатынын» мәлімдеді. Соныменқатар, Үкіметтіңотставкасынқабылдады.Осығандейін Назарбаев басқарыпкелгенҚауіпсіздіккеңесініңтөрағалығынөзқолынаалатынынтелеарналардан айтты.

6 қаңтаркүніҚасым-ЖомартТоқаевҚазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан, ҚырғызстанмемлекеттерімүшеҰжымдыққауіпсіздікшартыұйымынанәскерикөмексұрады. Осыдансоң ҰҚШҰ әскерлеріҚазақстанғакелді. 

7 қаңтаркүні Қазақстанбилігіелдеконституциялықтәртіпорнағанын, күштікқұрылымдармемлекеттікғимараттар мен әкімдіктергебақылауорнатқанынхабарлады.

8 қаңтаркүніЖаңаөзенжәнеАқтауқаласынданаразылартарайбастады. Ұлттыққауіпсіздіккомитетінің экс-басшысыКәрімМәсімов "мемлекеткеопасыздықжасады" деген айыппен қамаққа алынғандығы жарияланды.

9 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев жедел әрекет ету штабының жиынында "елдің барлық өңірінде ахуал тұрақтанғанын, жағдайдың бақылауға алынғанын жариялады.

10 қаңтар күні ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Азамат Ибраев пен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы генерал Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат тарады.

11 қаңтар күні Әлихан Смайылов премьер-министр болып бекітілді. Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын жариялады.

12 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында жедел штаб отырысы өтті. 

13 қаңтар күні Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай алынып тасталды. ҰҚК сайты комитет төрағасы К.Мәсімовтың үстінен "Билікті басып алу" бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны жайында ақпарат жариялады.

15 қаңтар күні бұрынғы президент Н.Назарбаевтың күйеубалалары делінетін QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметтен кетті.Сондай-ақ, ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысында газдың негізсіз қымбаттауына байланысты екі айға қамауға алынды.

17 қаңтар күні мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Самат Әбіш – экс-президент Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Дәл осы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің туысы, Павлодар облысының полиция басқармасы басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды. Кейін қамауға алынды. 

18 қаңтар күні бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев оқиғадан кейін алғаш рет видео-мәлімдеме жасап, өзінің ел астанасында екенін білдірді. Ол мәлімдемесінде қызметін 2019 жылы Қасым-ЖомартТоқаевқа тапсырғанын, қазір қатардағы зейнеткер ғана екенін айтты. 

ҚР Парламент мәжілісіндегі «Қаңтар оқиғасына» 1 жыл толуына орай өткізілген жиында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов оқиға кезінде қаза тапқан 238 адамның 19-ы күштік құрылымдардың өкілі екенін мәлімдеді. Мерт болғандардың 142-сін "төтенше жағдай режимін бұзғандар" деп атады. Сондай-ақ, марқұмдардың 67-сіне "жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша айып тағылғанын,  4 адам "басқа да қылмыс жасау кезінде өлгенін"жеткізді.

Ресми дерек бойынша оқиға кезінде Қызылорда қаласында 26 адам қаза тапқан. Оның біреуі –  міндетті әскери борышын өтеп жүргенде көз жұмған қарағандылық сарбаз. 

Полиция ғимараттары алдында оққа ұшқан азаматтардың өліміне, уақытша ұстау изоляторы мен тергеу абақтысына қамалып, азапталған азаматтардың арыз-шағымы бойынша қарулы жасақтың немесе полиция қызметкерлерінің жауапқа тартылғаны туралы мәліметтер жоқ.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: