Қызылордадан Сенаттағы бос орынға кім баратыны белгілі болды

28
0


Бүгін Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сенат депутатын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.

Парламент Сенаты депутатының мандатына 3 кандидат үміткер. Олар: Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов, Абайбек Жүнісов. Қызылорда облысы бойынша таңдаушылар тізіміне енген 152 мәслихат депутатының 147-сі қатысып, өз таңдауын жасады. 

Үміткерлердің ішінде қатысушылардан Наурызбай Байқадамов 116 дауыс жинап, басымдыққа ие болды. Ал Алмасбек Есмаханов 17, Абайбек Жүнісов 12 дауыс алды.


Сурет облыстық сайлау комиссиясынан

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: