Пабло Эскобар туралы

121
0

Бұрындары теледидардан атыс-шабысты көп көретінбіз. Тіпті, сол кейіпкерлерге еліктейтін едік. Қылмыс әлеміндегі адамдар мықты, алпауыт деп ойлайтынбыз. Шынында... 

 Шынында,оларды тек кинода көргенсін ой-санамыз сол кинода көргенді қабылдайтын еді. Алайда өмірдегі қылмыскерлер басқаша өмір сүретіні анық... 

Бүгін біз сол қылмыскерлердің бірі, атақты адам туралы баяндамақпыз... 

 

Бұл адам – Пабло Эскобар 

 

Пабло Эскобар 1949 жылы 1 желтоқсанда Рионегро қаласында дүниеге келген. Пабло жас кезін ұрлықпен, заңсыз заттарды сатумен өткізген. Колумбия адамдары, оны жауыз әрі нашар адам деп ойламаған. Себебі... 

 Себебі, ірі наркобарон Пабло Эскобар тапқан ақшасын үй,футбол алаңдарын салуға жұмсаған.Пабло өз халқына арнап, зоопарктерде тегін экскурсия істеген. 

 Колумбияда Медельин тұрғындары арнап, ол жап-жаңа үйлер салып берген. Осы аймақты Пабло Эскобар аймағы деп атайды. Тіпті, үйлерге Паблоның суретін салып, оның астына “әулие Пабло” деп жазған. 

 Өзінің криминалдық карьерасын Пабло ұрлықтардан бастаған. Ал 20 жасында өз бандасын ашып, ірі жерлерге иелік еткен. Бұл нәрселер Паблоға аздық етті және ол үлкен нәрселерді бастауды жөн көрді. Сосын ол... 

 Содан соң, Пабло АҚШ – қа заңсыз есірткі сатуды бастады. Бұл сатудан соң, ол бүкіл АҚШ – ты есірткімен қамтып отырды. 

 Алғашқы лабораториясын Медельинде ашты. Сосын тропикалық аймақтарды үлкен фабрикаларды сала бастады. Бұл фабрикалардың бәрі есірткі шығарумен айналысатын. 

 Ол досы Карлос Ледермен үлкен есірткі шығаратын фабриканы салғысы келеді. Сондықтан Багам аралын сатып алады. Сонда есірткі өндіретін болатын. 

 Есірткі тасымалдау үшін ұшақтар мен қайықтарды пайдаланатын болған. Аз уақыт ішінде, фабрика АҚШ – тың 80% - ын есірткімен қамтып отырды. Тек АҚШ емес, Мексика, Венесуэла, Доминикан, Испания елдеріне есірткі тасымалдап отырды. 

 Пабло күніне 60 млн доллардан табатын болған. Ойлаңызшы 60 млн доллар! Теңгемен есептесек, 24 960 000 000 тг-ге шақ. 1989 жылы Форбес журналы Паблоның бюджетін 3 млрд долларға бағалаған. 

 Пабло өзінің дәрежесін өскенін байқап, саясатқа араласуды жөн көреді. 1982 жылы ол Колумбия Конгрессінің мүшесі болады. Және отырыстарды Колумбия атынан қатысып отырады. 

 Бірақ келесі жылы Паблоны Лара Бония есірткі сатушы деп айып тағады. Содан соң, 1984 жылы Паблоны Конгресс мүшесінен алып тастайды. Қатты ашуланған Пабло Лара Бонияны өлтіруге жендеттерін жібереді. 

 Паблоға қарсы көптеген адамдар болды. Олар наркобаронды өлтіру үшін артынан іздеу салған. Бір күні Пабло отбасымен таулы аймақты паналайды. Сол кезде қызы Мануэла тоңып қалмасын деп 2 млн долларды өртеп жіберген. 

 Пабло көп уақытын отбасымен өткізетін. Уақыты тығыз болғанымен барлық мерекелерде, туған күнде отбасымен бірге болатын. 

 1991 жылы Пабло өз еркімен үкіметке беріледі. Бірақ бір шартпен, ол өзі тұрғызған түрмеде отыру қажет. Ол түрмеде Паблоның жеке футбол алаңы және джакузиі болған. Дым жағдай жоқ деймін да. 

 Келесі жылы үкімет оны басқа түрмеге ауыстыруды ойлайды. Оны естіген Пабло түрмеден қашып шығады. Оны үкімет іздеуге салады. Бұл операцияны полковник Уго Мартинес АҚШ әскерилерімен жүзеге асырады.

 Бұл операцияға олардың есірткі сатудағы бақталастары Лос Пепес ұйымы қосылады. Лос Пепес ұйымы Паблоның соққан жеке меншік заттарын талқандап кететін. Бір жылдың ішінде, Лос Пепес ұйымы 300 ден аса Паблоның қарамағындағы адамдарды өлтірген. 

 15 айлық іздеуден кейін, 1993 жылы 2 желтоқсанда Паблоның қайда тұратынын тауып алады. Дәл сол күні Паблоны іздеп тауып, оның көзін жояды. Пабло өз істеген істеріне жауап берді, яғни, қаншама қан төккені үшін өз жазасын алды. 

 Біз осы оқиғаны естіген соң, қылмыскер болу балалық шақтағы ақымақ арман екенін ұғамыз. Себебі, адам өз істеген ісі үшін әрқашан жауап береді. 

Достар, бұнымен мен ешкімді қылмыскер болуға үгіттемеймін. Керісінше, осы адамның өмірінен сабақ алып, ақымақ қателіктерді жасамауға кеңес беремін.  Тіпті, Паблоның баласы Хуан өзінің әкесі секілді болғысы келмейтінін, оның істерінің қате екендн айтқан. Сондықтан барынша мол жақсылық жасап, сауапты іс жасауға асығайық! 

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Мадияр Талғатұлы

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: