Иерусалимде лаңкестік әрекет жасалып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Автомобиль жоғары жылдамдықпен келіп, автобус аялдамасына соғылады. Оқиғадан екі адам көз жұмды, оның бірі – 6 жасар бала. Сондай-ақ, тағы алты адам жарақаттанды.
Көліктің жүргізушісі оқиға орнында атылған. Кейін анықталғанындай, ол Шығыс Иерусалимде тұрған 31 жастағы палестиналық болып шықты. Тәртіп сақшылары оның әрекетін лаңкестікке жатқызды. Террористің туыстары қамауға алынды, ал үйі мөрленді. Израильдегі БАҚ шабуыл жасаған адамның жүйке жүйесінде дерті болғаны, оның осы аптада ғана ауруханадан шығарылғаны туралы ақпарат таратты.
Өткен айдың аяғында Шығыс Иерусалимдегі Неве-Яаков ауданында синагога жанында террористік акт ұйымдастырылып, 7 адам қаза тапқан еді. Мұнан соң Израильдің қорғаныс әскері лаңкестің ата-анасын ұстағаны хабарланды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.