Хатайда 278 сағат үйінді астында жатқан 45 жастағы ер адам құтқарылды

16
0







Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін 278 сағат өткенде үйінді астынан ер адам аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

45 жастағы Хакан Ясиноғлы он бір күннен бері Дефне ауданындағы құлаған ғимараттың астында жатқан. Іздеу-құтқару тобы тас-талқан болған үйдің қирандыларының астында тірі адам бар екенін анықтады. Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеп, нәтижесінде ер адам құтқарылды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, Түркияда жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 38 мыңнан асты. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Елдің барлық аумағында мемлекеттік ту жартылай түсірілді. Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Кипр және Иракта да сезілді.

Сурет: aa.com.tr

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: