Қызылордада алып бала дүниеге келді

14
0

Фото: Көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз маманы

Көпбейінді облыстық ауруханада Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6 келі 500 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді. Бұл туралы көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз маманы хабарлады.

Акушерлік бөлім меңгерушісі Арман  Ержанова мен акушер-гинеколог Фатима Қосназарова  ота жасады. Алып баланың туған кезде жағдайы ауыр болған. Мамандар нәрестенің денсаулығын тұрақтандыру үшін жаңа  туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем қабылдағанын айтты. 

Қазір нәресте мен анасының денсаулығы тұрақты. Сәби ана сүтімен қоректенуде. Алып балаға атасы Қуанышбек деп есім беріпті. Жақын күндері «алып бала» атанған  Куанышбек Ерсұлтанұлы үйіне шығарылады. 

Айта кету керек, облыстық көпбейінді ауруханада өткен жылдың наурыз айында 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Бұған дейін Қызылордада босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсететін жалғыз медициналық ұйым – облыстық перинаталдық орталық  болған. Аталған бөлім перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтты. Акушерлік бөлім сырбойылық түрлі сырқаты бар жүкті әйелдерге көмек көрсетуде. Бөлімде ашылғалы бері 3043 нәресте дүниеге келген. Олардың 1328-і жаңа  туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем алған. Ал жыл басынан бері 1343 нәресте дүниеге есігін ашты.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: