Түзету мекемелеріндегі азаптауға қарсы шаралар

12
0


Бас прокуратураның ҚАЖ мекемелеріндегі азаптауларды жою туралы тапсырмасы облыс прокуратурасының басты назарында.

Қазіргі уақытта облыстық прокуратура мекемелерде азаптаудың алдын алу бойынша жұмыстарды  жандандыруда.

Азаптаудың алдын алудың негізгі құралы – мекемелерді жаппай бейнебақылау камераларымен жабдықтап, соқыр аймақтарды жою.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мекемелерде жаппай бейнебақылаумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қорғалған байланыс арнасы арқылы қашықтан қол жеткізуі ұйымдастырылды. Жазбаны көру мүмкіндігі бар, яғни,  3 айға дейін сақталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокурорының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Махмут Алмас баяндады. Сонымен қатар Махмут Ахтанұлы түзету мекемелеріндегі азаптауға қарсы өзге де шаралар туралы айтты. 

    Екі мекемеде үздіксіз бейнебақылау орнату жұмыстары аяқталып, соқыр аймақтар толығымен жойылды. Атап айтқанда, №60 мекемеде 795,  №68 мекемеде  323, №37 -де    175 камера орнатылды.  Сонымен қатар «Кезекші прокурорлар» институтын жандандыру мақсатында кезекші прокурор мекемелерді күнделікті аралап, бейнежазбаларға мониторинг жүргізеді, оған қоса жасақтарды, тәртіптік изоляторды, қауіпсіздік жағдайында ұстауға арналған жалғыз адамдық камераларды, қатаң жағдайда ұстау жасақтарын аралап, жеке қабылдау өткізіп, карантиндегі сотталғандарды ұстау және денсаулық жағдайына шағымдардың болуы, болмауы жайында сұрау жүргізуде.

Прокуратура қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілдерімен түзеу мекемесіндегі соқыр аймақтарды аралау жұмыстарын жүргізіп, сәйкесінше кесім жасаған.

Түзеу мекемесінде келген сотталғандарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес медицина қызметкерлері қарап-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Медицина қызметкерлерінің барлық әрекеттері бейнежетонға түсіріледі. Нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бүгінге дейін сотталғандар дене жарақаттарымен тіркелген жоқ, – дейді Махмут Ахтанұлы. 

Спикердің айтуынша, бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес жеке құраммен жиналыс өткізіліп, онда қинау деректері бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, қинау деректерін алдын алу, оны болдырмау, қинау деректері болған жағдайда қылмыстық жауаптылықтар көзделгені туралы түсіндірілген.

Облыс прокуратурасы күнделікті бейнебақылауға мониторинг жүргізіп, процессуалды емес байланысқа түскен қызметкерлерді анықтап, прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, қызметкерлерді жауаптылыққа тартқан.

Прокурорлар күнделікті аралау жұмыстарын жүргізіп, дене жарақаттарын анықтауға бағытталған барлық жұмыстарды жүргізуде.

Сотталғандарға тікелей жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерде бейнебақылау жүйесінің болуы туралы ескертіліп, түзеу мекемесін аралау барысында бейнетіркегіштер тексерілуде.

Жыл басынан облыс прокурорының бірінші орынбасарының, басқарма басшысының және басқарма прокурорларының қабылдауында 214 сотталушы жеке қабылдауда болып, оларға заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілі сотталғандардан жасарын түрде қинау деректеріне қатысты мағлұматтар алды. Барлығы 812 сотталғанның 678-і қатысып, қинау деректері орын алмағанын мәлімдеген. Сотталғандарға қатысты қолданылған тәртіптік шаралардың заңдылығын тексеру барысында бейнежазбалардың болуын және куəландыру актілерін, куагерлердің, сотталғандардың, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің көрсетімдерін жиынтықта қарау негізгі дәлелдеме ретінде басшылыққа алынуда.Сонымен бірге сотталғандар мен әкімшілік тарапынан арандатушылықты болдырмау, қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі және кәсіби қасиеттерін бағалау мақсатында кезекші прокурорлар үшін 2 бейнетіркегіш сатып алынып, олар күн сайын мекемелерге барғанда және жеке қабылдауларды жүзеге асырғанда пайдаланылады. Сондай-ақ азаптау немесе мекеме қызметкерлері тарапынан рұқсат етілмеген шаралар туралы әрбір өтініш бойынша прокурор оқиға орнына дереу барып, сотталғандарға жеке қабылдау жүргізді. Одан бөлек,  мекемелерде сотталғандардың өтініштері мен арыз-шағымдарына арналған 13 терминал қалыпты жұмыс істеуде. Аталған терминалдар «ИС ЕРДР» ақпараттық жүйесіне біріктірілген, – дейді Махмут Алмас. 

Сондай-ақ, облыс прокурорының арнайы өкімімен қылмыстық қудалау органдары мен түзеу мекемелеріндегі бейнебақылаудың жұмыс жасауын және жазбалардың сақталуын, соқыр аймақтардың болуын тексеруді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс прокурорының орынбасарымен басқарма басшылары, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облысы полиция департаменті,өзіндік қауіпсіздік басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері тартылған.  

Биыл жыл басынан бері азаптауға қатысты қылмыстық іс тіркелмесе, 2022жылы ҚАЖ қызметкерлеріне қатысты ҚК 146-бабының 1-бөлігі бойынша 34 қылмыстық іс тіркеліп, барлығы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. 2021жылы 25 қылмыстық іс тіркелген.

ҚАЖ мекемелеріндегі азаптаудың алдын алу үшін бірлескен жоспардың орындалуы туралы облыс прокуратурасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бірлесіп, мекемелердегі азаптау дерегін алдын алу үшін бейнеролик әзірлеуде. Сонымен қатар облыс прокуратурасы мекемелерге келген сотталғандардың күндізгі және түнгі мезгілде айдауылдануына қатысып, сотталғандарға «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 41-бабының талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, карантин бөлімінде жазасын өтейтін сотталғандарға жеке қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс прокуратурасына сотталғандардан азаптау дерегі бойынша арыз-шағымдар түспеген. ҚАЖ қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің қатысуымен әр аптаның бейсенбі күні кадр және режим қызметкерлерінің қатысуымен сотталғандарға қатысты азаптау дерегін болдырмау мақсатында дәрістер өткізіліп, олардың  біліктілігін тексеру үшін тамыз айына сынақ өткізу жоспарланған. Қызметкерлердің дәріске қатысуын облыс прокуратурасы бақылауға алған, – дейді спикер.

Облыс аумағында орналасқан 3 мекемеде 13 электронды арыз-шағымдарды тіркейтін терминал қойылып, тұрақты түрде жұмыс жасауда. Олар асхана және камералық ұстау жағдайында жазасын өтейтін сотталғандардың жасақтарына қойылған.


Сурет Өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: