ҚАЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті

4
0

 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде ҚАЖ мекемелерінің медициналық ахуалы, сонымен қатар, атқарылған қызметтері жайында департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. 

         Жиынға  Қызылорда облысы прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Махмут Алмас, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Исақызы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі  Даурен Шәріпбаев және №3, №6 қалалық емхана бас дәрігерлері қатысты.

  Шараның мақсаты – осы жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар және жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайларына байланысты аурушаңдықтың алдын алу, өлім жағдайларын болдырмау. 

Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау тобының аға инспектор санитар дәрігері әділет капитаны Меруерт Шаймбетова жыл басында өткен дөңгелек үстелдің оң нәтижелері мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша шолу жасады.

         Жиын барысында мекемелердің жанындағы медициналық бөлімдерге күндізгі стационарға рұқсат лицензиясын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және тоқсан сайын «Жылжымалы медициналық кешен», ай сайын мекемелердегі сотталғандарды денсаулыққа шағымдары бойынша жеке қабылдаулар жүргізу қолға алынып жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар, дәрігерлердің жазбасына сәйкес, бейінді мамандардың кеңестері мен қажеттілікке қарай инструменталды тексерулердің қолжетімділігін арттыру қажеттігі айтылды.


Сурет ҚАЖ департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: