«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 2104 құқық бұзушылық анықталды

2
0


Жол қауіпсіздігін сақтау және жедел жағдайды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын-алу мақсатында 1-10 маусым аралығында республика көлімінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтті.

 Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық шара барысында қоғамдық және жол тәртібін бұзудың 2104 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік бойынша 175 әкімшілік құқық бұзушылық, алкогольдік ішімдік ішіп қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген 175 дерегі және түн тыныштығын бұзған 145 құқық бұзушылық бар. 

Сонымен қатар, есірткі затын заңсыз тасымалдаудың 1 дерегі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп - тексеру амалдары жүргізілуде.

Одан бөлек, суық кару алып жүрудің 12 дерегі анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынған. 

Кәмелет жасқа толмағандардың түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүру фактісінің 310 дерегі тіркеліп, ата-анасына айыппұл салынды. 

Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруына байланысты 5 автокөлікке Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермегені бойынша 97 жүргізушіге Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 600 бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамасы толтырылған.

– Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері халықтың тыныштығы мен олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күнделікті рейдттік іс -шаралар ұйымдастыруда. Олардың ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолда жүру ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар көпқабатты үйлер мен жеке үй аулаларында жаяу бағыттағы және патрульдеу бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай,  қала тұрғындары мен қонақтарына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тәртіпке бағынып, заң талаптарын қатаң сақтау ескертіледі, – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдар Қасанов. 

Иә, қоғам тыныштығы мен адамдар қауіпсіздігі  баршаға ортақ мәселе екенін естен шығармайық!

Сурет Полиция департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: