Қызылордада алып бала дүниеге келді

7
0

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,6 келі, бойы - 57 сантиметрді құрайтын ұл бала жарық дүние есігін ашты.

37 жастағы жаңақорғандық Айгүл Дүйсебаева көпбалалы ана. Ол баласын жүктіліктің 42 аптасында өмірге әкелген. Бөбек анасының сегізінші перзенті. Білікті дәрігерлер алып сәбиді кесарь тілігі отасы арқылы босандырып алды. Алып сәбиге ата-анасы Қанағат деген есім берді.  

«Қазір батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Тек алып салмақпен туылған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет. Медицинада нәрестенің салмағы 4 келіден асса, «ірі» ал, 5 келіден жоғары болса, «алып» болып саналады. Облыстық перинаталдық орталығында жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 1546 сәби дүниеге келген. Ал салмағы 5 келіден асатын 38 бала туды», дейді орталық мамандары. 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: