Бүгін Қызылорда облысы Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Аманбек Әбжалелов, құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Заманбек Жұмағұл және Батырхан Бисембин Қамбаш көлінде патрулдеу жүргізу барысында жағадан 600 метр қашықтықта батып бара жатқан 2011 және 2016 жылы туған қыз балаларды құтқарып, судан шығарды.
Қазіргі уақытта қыздардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Сурет ТЖД