Қызылордада ювеналды полиция қызметкерлері рейд аясында 127 әкімшілік хаттама рәсімдеді

30
0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім қызметкерлері күн сайын жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.Мәселен, демалыс күндері рейдттік шаралар жүргізіліп, полицияға 45 жасөспірім жеткізілді. 127 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 8 жеке кәсіпкер, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 35 ата-ана бар. Бұдан басқа, өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 84 хаттама толтырылып,  екі қолайсыз отбасы есепке алынды.

– Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23 – тен таңғы 6-ға дейін болуы-заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады,- деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Айдос Прежекенов.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: