Қызылорда: Шиелілік аналар құрметке бөленді

15
0

Фото: аудан әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа»  төсбелгілерін табыстады.

Киелі Шиелі жерінен 18 ардақты ана мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде 7 -уі  –  «Алтын алқа», 11-і – «Күміс алқа"» иегері. Аудан басшысы аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, өнегелі өмірлері мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ерекше атап өтіп, жылы лебізін жеткізді.

Аудан бойынша бүгінде 1022 «Алтын алқа» және 1486 «Күміс алқа» иесі бар. 

Салтанатты жиында марапат иелері де сөз алып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлыққа алғыс білдіріп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген аудан азаматтарына сәттілік тіледі.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: