Референдум

Қызылордада 19 мыңнан астам бала балабақшаға жалған тіркелгені анықталды

34
0


Фото: Айзада Агильбаева / Kazinform


Қызылорда облысының білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд 245 млн теңге, биыл 302 млрд теңге қаралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуі әрдайым бақылауда. 

    2023 жылдан бері «Face-бақылау» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді. Осылайша балабақшаларға жалған тіркелген 19 263 бала анықталды, 28 млрд 100 млн теңге үнемделді. Емхананың жалған анықтамасын тіркеу, негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 6 млрд 700 млн теңге бюджетке қайтарылды, – делінген хабарламада.

Облыста демографиялық өсім мен халықтың көшіп-қону белсенділігі артып келеді. Осы себепті оқушы саны жыл сайын артып отыр.

    Жаңа оқу жылында 1-11 сыныпта 189 288 оқушы тіркелді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға көбейген, – делінген әкімдік мәліметінде. 

Айта кетерлік жәйт, ваучерлік жүйе енгізілгеннен кейін Шымкентте бірнеше жекеменшік балабақша жұмысын тоқтатты. Ал мемлекеттік тапсырыс пен төлемақыға қатысты шешімдер өзгермеген.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: