Ертең Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл жөнінде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметі facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
"Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 03 ақпан күні қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз!
«Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша филиалының 2023 жылғы 02 ақпандағы Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) кей көктайғақ, тұман күтілуде.
Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!" , – делінген хабарламада.
Сурет ашық дереккөзден алынды.