Қызылордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуда

29
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары бүгін қашықтан оқып жатыр. Жалпы Қызылорда қаласындағы  55 мектепте 31509 бастауыш сынып оқушысы білім алады. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кету керек, осы аптаның соңына дейін ауа райы күрт төмендейді. Хабарламада онлайн сабақ әзірге бүгін болатыны айтылған. Ары қарайғы оқу форматы қосымша хабарланатын болады. 

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: