Жуырда Венгрия мемлекетінде өтетін IOI 2023 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрмасының атынан қызылордалық оқушы Мансұр Мамадахунов бақ сынайтын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 8-ші сынып оқушысы Мансұр халықаралық бәсекеге информатика пәні бойынша қатысады.
Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын олимпиада 28 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Оған бүкіл дүние жүзінен мыңға жуық бала қатысады деп жоспарлануда.