Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін таңертең Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты.