Дәрігерлер 22 жастағы жігіттің жұлынған қолын орнына қайта тігіп берді

55
0

Елордада № 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері жас жігіттің қолын аман сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

7 қаңтарда пациент шұғыл түрде ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Жас жігіттің оң қолы иық тұсынан бөлініп қалған.

Операцияны екі бригада 2 кезеңде жүргізді.

Бірінші кезеңде ангиохирургтар қан ағымын қалпына келтіру үшін тамырларды тікті, екінші кезеңде травматологтар бұлшықетті, нервті, сіңірлер мен сүйектерді тікті.

«Операция шамамен бес сағатқа созылды. Біз әрқашан бүкіл мүшелерді мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысамыз. Операция кезінде тамыр-нерв байламына толық ревизия жасау керек болды, қолы толық жұлынып кеткендіктен барлық бұлшықеттер тігілді. Бастапқыда қолды сақтап қалу және оның функциясын қалпына келтіру мүмкіндігі аз болды. Біз оның сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз», - дейді дәрігер-ангиохирург Дастан Сабырұлы.

Қазір пациент оңалту курсынан өтіп жатыр.

Дәрігерлер оң қолдың жұмысын қалпына келтіруге белсенді қатысып жатыр, консультация және әртүрлі әдістерді қолдану бойынша ұсыным береді.

«Біз операцияны оңалту әлдеқайда жылдам болатындай етіп жасай алдық. Қолы тәуір болып кетті, қазіргі уақытта жігітті ештеңе мазаламайды», - деді травматолог дәрігер Әлімжан Дүйсенбаев.

Сурет:Денсаулық сақтау министрлігі

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: