Баланың күлкісі – әлемнің шаттығы

4
0

Фото: Облыстық ПД

«Бала – бауыр етіміз, елдің ертеңі» дейді дана халқымыз. Бүгін қызылордалық тәртіп сақшылары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге шаттық сыйлап, ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаров ел қорғаны жас өрендерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ел қорғаны балалардың қауіпсіздігі мен амандығы – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге жарқын болашақ, зор денсаулық және оқуда табыс тіледі.

«Бала қуанса – әлем қуанады», «Бала – елдің болашағы» дегендей, мереке барысында балалар ойын ойнап, сурет салып, өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Балалардың жарқын күлкісі мен шаттыққа толы жүздері іс-шараның басты көркіне айналды.

Тәртіп сақшылары балалармен еркін әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздік пен қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

 Мұндай игі шаралар балалардың полиция қызметіне деген сенімін арттырып, олардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

Ел тыныштығын күзетіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген ел қорғандары аман болсын! Балалардың бақытты балалық шағы үшін қызмет етіп жүрген барша полиция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: