«Бала – барың, өмір – нәрің»

3
0

Фото: Отбасы орталығы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Отбасы орталығында отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған  «Бала – барың, өмір нәрің» атты мерекелік шара өтті. 

Басты мақсат – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, оларға қоғамның қамқорлығы мен мейірімін сезіндіру, сондай-ақ бос уақытын көңілді әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау.

Мерекелік кеште облыстық мәслихат депутаты, «Әкелер одағы» РҚБ облыстық филиал төрағасы Ержан Іскендір мен отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Жүсіпбекова сөз сөйлеп, балғындарға ізгі лебіздерін білдірді. Шара аясында аниматорлар қатысуымен түрлі ойындар, шоу-бағдарламалар, аквагрим және шар ұшыру рәсімі ұйымдастырылды. «Сыр жұлдыздары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясының» өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

 Шараның жоғары деңгейде өтуіне «Анаға тағзым» орталығы жанынан құрылған «Creative orda» бизнес клубының креативті кәсіпкерлері және «Bellissimo pizza» мен «Шин Лайн», «Qyzylorda НАН» компаниялары, «Стандарт» жарнама агенттігі демеушілік қолдау көрсетіп, балаларға тәтті сыйлықтар мен мерекелік дастархан ұсынды. Нәтижесінде «Атамекен» балалар ауылының 60-тан аса тәрбиеленушісі жарқын мерекенің қуанышын сезініп, көтеріңкі күйге бөленді. Мұндай игі шаралар балаларға қамқорлық көрсетіп қана қоймай, олардың бойында мейірім мен жақсылыққа деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: