«Бақытты отбасы» жобасы аясында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

3
0

Фото: Партия

Балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Жібек жолы кинотеатрында балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Мереке барысында бүлдіршіндерге тегін мультфильм көрсетіліп, тәтті сыйлықтар таратылды.

Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай және партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты  Гүлшат Мұсаева қатысып, балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.

Жандос Базартай мерекеге жиналған балалар мен ата-аналарды құттықтап, өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы мен жан-жақты дамуы әрдайым партияның назарында екенін атап өтті.

    Балалар – әр отбасының қуанышы, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың сапалы білім алып, жақсы тәрбие көруіне, өз қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Барлық бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Дендеріңіз сау болып, жақсы оқып, ата-аналарыңызды қуанта беріңіздер. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін, – деді төраға.

Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың жазғы демалысын жарқын әсермен бастауына мүмкіндік берді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: