Нағи Ілиясов – Үздік туристік ауыл

7
0


«Kazakh Tourism» компаниясы «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауын қорытындылап, еліміздегі үздік 5 туристік ауыл анықталған болатын. Оның қатарында Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылы да бар. Бұл – дамыған инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығындағы жетістіктерімен ерекшеленетін ауыл.

Жоба отан¬дық туризмді дамыту¬ға, мәдени мұраны наси¬хат¬тауға, ауылдық жерлердің экономикасын арттыруға бағытталған. Жалпы қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи, мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл байқауға туризм саласының сарапшылары мен тәуелсіз мамандар төрелік етеді. Еліміздегі ең үздік туристік ауыл атанған өлкелер БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UN Tourism) өткізетін «UN Tourism Best Tourism Village» халықаралық байқауын¬да қазақ елінің турис¬тік әлеуетін таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

    Біз дәстүрлі мәдениеті бай, ұлттық қолөнерді сақтаған, табиғи ландшафттары ерекше ауылдарды анықтауға, оны дамытуға ниеттіміз. Олар жаңа бағыттар мен аутентикалық туризмге қызығушылық танытқан саяхатшыларға тартымды болуы мүмкін. Кейінгі жылдары мұндай туризмге деген қызығушылық артып келеді, – дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы Қайрат Сәдуақасов.

Иә, расында ауыл туризмі дамып келеді. Ол дамыған инфрақұрылымы мен ауыл шаруашы¬лығындағы жетістіктерімен әйгілі. Соғыс және еңбек ардагері, шаруашылық ұйымдастырушысы Нағи Ілиясов есі¬мін иеленген ауыл тек ауыл шаруа¬шылығымен ғана емес, сондай-ақ рухани, туристік әлеуетімен де ерекшеленетін көрікті мекен. Мұнда агротуризм қарқынды дамып келеді. Демалушылар жергілікті өнімдерден дәм татып, шаруашылық жұмыстарымен танысып, ауылдың тыныс-тіршілігін сезіне алады.


Сурет Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: