Жайдарман-2025: Аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды

4
0

Сурет: аудан әкімдігі

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі Жастар ресурстық орталығының «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында жайдарман сайысы  өтті. Сайысқа 8 команда қатысты. 

    Шара аудан әкімінің қолдауымен өтуде. Мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің шығармашылығын дамыту, оларды басқа қырынан таныту. Сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді, – дейді  қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев.

Көңілді де тапқырлар бас қосқан бұл шарада мемлекеттік қызметшілер күнделікті қызметтен бөлек, өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтары мен сахна мәдениетін ерекше ықыласпен көрсетті.  

Қорытындысында  1 орынды  Кент Style командасы жеңіп алса,  2 орынға  Барбарис құрамасы ие болды.  3 орынға Е-Өтініш құрамасы лайық деп танылды.

Арнайы номинациялар да берілді. Атап айтқанда, «Үздік ойыншы»  номинациясына Өмірбек Төлеуов ие болса,  «Ауылдар»  құрамасы «Көрермен көзайымы»  атанды. 

Сонымен қатар, жарысқа қатысқан өзге командаларға да белсене қатысқаны үшін  дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Мемлекеттік қызметшілердің шығармашылығын дамытып, сергек те салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да  жалғасын табады.




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: