Нөсер жауын, қатқақ, найзағай: Алдағы үш күнде ауа райы суытады

46
0

Қазгидромет синоптиктері 16-18 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Оңтүстік циклон айқындайды.

Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, бұршақ түседі.

16-17 мамырда - оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда - солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамыр - орталықта, 18 мамырда - еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.

Республика бойынша температуралық фон төмендейді. Түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады.

Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздің қалған бөлігінде 15-23 градус жылыға дейін төмендейді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: