Қызылордада қураған шөптің өртенуінен қаланың бірқатар бөлігін түтін басты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14.50-де хабарлама түскен.
"Онда Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптің жанып жатқаны жөнінде айтылған. Қазіргі кезде оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында орман шаруакшылығы саласының мамандары бар", – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Сурет ашық дереккөзден алынды