Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алдағы ауа райына байланысты есерту жариялады.
13 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар).
14 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде көктайғақ.
15 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар).
16 қазанда түнде облыстың шығысында қар, көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең 14 қазанда оңтүстігінде, 15-16 қазанда облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. 14 қазанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, 15-16 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасының 14 қазанда түнде 1-6 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 15-16 қазанда одан әрі төмендеуі түнде 1-6 градус үсікке дейін күтіледі.
Сурет ашық дереккөзден алынды