Түркиядағы зілзала: 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды

48
0

Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісіінен кейін 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

35 жастағы Айшегюль Байыр Оникшубат ауданындағы ғимарат үйіндісінен шығарылды. Құтқарушылар оны үйінді астынан алып шығу үшін 5 метр туннель қазған.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болған.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық киіз үй жібереді. Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Қазақстандықтар жіберген 84 киіз үй Түркияға жеткізілді. Бұған дейін Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй орната бастады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: