Ақпараттық хабарлама

107
0

Сайлау

Қазақстан Республикасы 

орталық сайлау комиссиясы, 

аумақтық сайлау комиссияларына

Ақпараттық хабарлама

«AI-MEDIA» ЖК-нің «Insight-EL» ақпарат агенттігінде (бұдан әрі - сайт) партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ, партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға, 2023 жылғы  19 наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша интернет алаңдарын ұсынудың жалпы шарты. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, «барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №105 Жарлығы негізінде, сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №18/669 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысы негізінде «AI-MEDIA» ЖК-сайт иесі https://insight-el.kz (бұдан әрі – сайт) тіркелген кандидаттарға ақпарат береді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, сонымен қатар, ҚР мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партялық тізімдер бойынша  және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша аяқталады. Осылайша Сайтта үгіт материалдарын орналастыру 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-ден 18 наурызда сағат 00-ге дейін жүзеге асырылады. 

Сайт интернет алаңын жазбаша  өтініш пен сайт месі мен кандидат немесе саяси партияның сенімді адамы (кандидаттың уәкілетті тұлғасы) арасында жасалатын келісім-шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың немесе саяси партияның сенім білдірген адамының жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.

Шарт жасасу үшін партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сенім білдірген адамы мынадай ақпаратты көрсете, яғни, ұсына отырып,  жазбаша өтініш береді. 

1)    Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2)    Кандидаттың сенім білдірген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);

3)    Өтініш берген саяси партияның сенім білдірген тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі.

Кандидаттардың үгіт материалдарын сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. 

Үгіт материалдары сайтқа орналастырыдған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. 

Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген тұлғаның тегі болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады. 

Сайттың меншік иесі егер оларда конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары болса, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру, сондай-ақ, оларда басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда 

Кандидат сенім білдірген тұлға сайт иесінің талабы бойынша материалдардағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы апаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. 

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін. 


Прайст-лист

«Insight-EL» ақпарат агенттігі

Тапсырыс берушінің ақпараттық-жарнамалық материалдарын жариялау бойынша:

Тапсырыс берушінің дайын PR-материалы    2 000 символға дейін  1 суретпен  - 50 000 (50 мың) теңге,

5 000 символға дейін  - 3 суретпен   100 000 ( жүз мың) теңге.

Тапсырыс берушінің дайын сұқбаты    5 000 символға дейін  3 суретпен   -  100 000 ( жүз мың) теңге

Бейнесюжет     5 минутқа дейін ақпараттық-жарнамалық материал (дайын бейнематериалдың сілтемесі болуы тиіс)    - 80 000 ( сексен мың) теңге


Сайт редакциясының өзі дайындайтын ақпараттық-жарнамалық материалдары үшін:

Ақпараттық материал    2 000 символға дейін  1 суретпен - 100 000 (жүз мың) теңге,  5 000  символға дейін  және 3  суретпен  -  150 000 ( жүз елу мың) теңге

Сұқбат    5 000  символға дейін және 3 суретпен  -  150 000 ( жүз елу мың) теңге

Баннерлік жарнама

Баннерлік жарнама    (тәулігіне 1) басты бетке   - 50 000 (елу мың) теңге


Құны ҚҚС есептемегенде.


Ескерту: тапсырыс берушімен қосымша мәліметтер нақтыланады. 


Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайт меншік иесі төлеген шот негізінде жүзеге асырылады. 



«AI-MEDIA» ЖК  директоры :      А.С.Батталова


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: