Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында осы жылдың маусым айының 3- 9 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші - 2024» іс-шарасы өтуде.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараның екі күнінде жалпы 233 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде, шетел азаматтарының жасауымен 171 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, бір азаматша республика аумағынан аластатылған. Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 62 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілген.
Осы орайда полиция қызметкерлері шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбауын, егер заң талаптарын өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеді.
Сурет облыстық полиция департаментінен