Былтыр 36 МЫҢ КӨЛІК РӘСІМДЕЛГЕН

42
0

Қызылорда облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөлімінде өткен жылы 36 мың 98 көлік құжаттары рәсімделген.
Қазір азаматтар көлік сатып алу және сату кезінде көбіне kaspi.kz қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметке тапсырыс береді. Былтыр аталған банк қосымшасы арқылы 20 мың 243 көлік құжаты әзірленген. 
Мамандандырылған бөлімде есепті кезеңде 2 мың 300 адам көлік жүргізу куәлігін алған. Айта кету керек, алғаш рет куәлік алушылар бөлімде алдымен теориялық етихан тапсырып, одан өткен жағдайда ғана практикалық сынаққа жіберіледі.
VIP санатындағы мемлекеттік нөмірлерге де  тапсырыс көптеп түскен. Атап айтқанда, осы санаттағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделіп, нәтижесінде қазынаға 179 млн 411 мың теңге табыс құйылған. Бөлім мамандарының айтуынша, облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: