Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан қалаларының 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратты.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын ұйымдастырған болатын. Бас мүфтидің дерегінше, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.
Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады.