Бұдан бұрын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 61 жастағы ер азаматтың жоғаланы туралы хабарлаған болатынбыз. Азамат екі күннен кейін Шымкент қаласынан аман-есен табылды.
Биылғы 5 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті З. Байзақов көшесі №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған еді.
«Азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.