Қызылордада екі жасөспірім - қыз бен жігіт мұзға құлап, қауіпке тап болды. Абырой болғанда Сырдария өзенін патрульдеу кезінде полицейлер мұзға құлап кеткен 15 жасар қыз бен 14 жастағы жігітті байқап қалды, деп хабарлайды Insight-EL ақпарат агенттігі.
Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы дереу оларға араша түсіп, жеткіншектерді суық судан алып шыққан.
Полицейлер жедел жәрдем шақырып, кейін балаларды ата-анасына тапсырды. Анықталғандай, жасөспірімдер ойнап жүріп, мұзға шығып, оның соңы шытырманға ұласқан.
Сурет ашық дерек көзден алынды.