Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 2023 жылы барлығы 2 713 өтінім келіп түскен. Бұл өтініштердің басым көпшілігі яғни, 1 973-і заңды тұлғалардан болса, қалған 740 өтініш жеке тұлғалардан келген. Тиісінше, былтыр 2 608 арыз-шағым тиісті заңнамаға сәйкес толық қаралып жабылса, қалған өтініштер басқа мемлекеттік органдардың құзыреттілігіне жолданған. Бұл жөнінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев хабарлады.
-Былтыр біздің департаменттің нәтижелі атқарған жұмыстарының нәтижесінде, барлығы 108 аудиторлық шаралардың көмегімен 43 млрд 452,9 млн теңге қаржы қамтылды. Соның ішінде, бюджетке 1 млрд 035 млн теңге көлемінде қаржы өтелді. Бұдан бөлек, біздің департамент мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталуына бақылау жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Осы мақсатта камералдық бақылау жүргізу жұмыстарының нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша 2 239 хабарлама жолданып, өз уақытында орындалды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құру керектігін айтқан болатын. Осы мақсатта мемлекеттік сатып алудың жаңа заң жобасы талқылануда. Жаңа заң аясында, сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сатып алу рәсімдерін оңтайландыру, құрылыс нарығын монополиясыздандыру, бірыңғай сатып алу платформасын құру сынды бірнеше жүйе қамтылатын болады, - деді Ербол Күзембаев.
Сурет ашық дереккөзден алынды