ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мекемесінде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «ЭтноQuiz» интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – тыңдаушыларды жалпы ұлттық құндылық, салт-дәстүр, әлеуметтік, экономикалық, саяси т.б. бағытта ой-танымдарын арттыру, зияткерлік білімдерін жетілдіру.
Сайыс барысында тыңдаушылар екі топқа бөлініп, кезеңдер бойынша өзара сайысқа түсті. «Сіз біліесіз бе?» кезеңі бойынша қатысушылар жалпы тіл, мәдениет, тарих, Жолдау, экономика бағыттары бойынша танымдық сұрақтарға жауап берді. Осы ретте, атом энергетикасы және (АЭС) құрылысы мәселелерін тереңірек білу үшін құрылған Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасы туралы ақпаратпен кеңінен таныстырылды. «Құндылық қазынасы» кезеңінде қазақтың салт-дәстүр, ырым-тыйымдары жайлы тапсырмаларды орындады. Ал ана тіліне байланысты ізденістері мен тапқырлықтарын «Мың бір мақал» кезеңінде дәлелдеп шықты. Шешуші кезеңде әр топтан бір-бірден спикер шығып, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси мазмұнды тақырыптар аясында тұжырымдар жасап, пікірлерін ортаға салды.
Сайыстың қорытынды бөлімінде қатысушы топтардың алғырлық, шапшаңдық, тапқырлық қабілеттері бағаланып, нәтижесі жарияланды.
Сурет Қоғамдық даму басқармасынан