]Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kzжәнет.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kzжәнет.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті. Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме "Кибернадзор" жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектілері болып табылса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі. Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңіндеTelegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.
Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылы қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23адам сотталды. Олардың барлығында ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, нақты мерзімге (5 жылдан 6 жылғадейін) бас бостандығынан айыру жазасын алды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда тіркелген жағдайлардың саны 2 есеге, аяқталғаны 3,5 есеге артты. Шығынды өтеу 92-ден (2,5 млрд-тың 2,3) 177%-ға (4,7 млрд-тан 8,3-ке дейін) өсті.
Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыратын болады. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.
Telegram бот сілтемесі: https://t.me/BAIQApiramidaBOT
Бұғатталғансайттардыңсілтемелері (тесттіксұраужіберуүшін):
https://www.forexoptimum.com/ru
https://wexness.io/ru
http://www.baiquat.kz