Кітап – білім бастауы

3
0

Фото: кітапхана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні  болып бекітілді.  Бұл күн ЮНЕСКО бекіткен Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен де сәйкес келеді.

 Атаулы мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында 16-23 сәуір аралығында облыс кітапханаларында «Кітап – білім бастауы» тақырыбында апталық аясында талғамы биік оқырмандар үшін ашық есік күні, кітапхана түні, фестивальдар, кітап жәрмеңкелері, жергілікті ақын-жазушылармен кездесулер, кітап сыйлау акциялары, әдеби кештер мен кітап тұсаукесерлері өткізілді. 

 Апталық аясында облыс бойынша «Артық білім кітапта...», Сөз өнеріндегі өлкетану, Кітапхана түні акциясы, «Weekend. Book. Vides» – «Выходные. Книга. Видео», Кітап. Тарих. Шежіре, Кітап – достық амбассадоры, кітапханашылар мен Ұлттық кітап күні тақырыптарымен 200-ге жуық шара ұйымдастырылып, оған 13 мыңнан астам адам қатысты. 

Апталық 23 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана – рухани қазына ордасы» мерекелік шарасымен қорытындыланды. 

Мерекелік шара облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ж.Сейіловтің құттықтау сөзімен ашылды. Өңіріміздегі кітапхана ісінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар кітапхана мамандарына «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. 

Кітапхана ауласында қала, аудан кітапханалары өз жетістіктерін, озық жұмыс тәжірибелерінен көрмелер ұйымдастырды.

Кітап оқу мен халықтың оқу белсенділігін арттыру бағытындағы  мерекеде «Кітап – ақылдың кілті» атты жаңа кітаптар көрмесі, «Кітап кейіпкерлерінің шеруі», ақын М.Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған  «Мен поэзияны сүйемін» атты оқушылар  арасында  байқау, кітапхананың «Oimaq» қолөнер үйірмесінің жұмсақ ойыншықтар жасаудан шеберлік сабағы, «Жыр ғұмырдың жарық жұлдызы» тақырыбымен Исраил Сапарбайдың 85 жылдығына арналған ашық аспан астындағы оқулар, қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: