Сурет ашық деерккөзден алынды.
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасымен Ташкент қаласында түркі әлемі кинематографистерінің Одағы (Ассициациясы) құрылды. Бұл туралы Insight-el.kz ақпарат агенттігі @akipress.-ке сілтеме жасап хабарлады.
Құрылтайшылар жиынына түркітілдес елдердің киноиндустрия жетекшілері қатысты.
ТҮРКСОЙ-дың хабарлауынша, іс-шараға азербайжандық кино агенттігінің басшысы Орхан Фикретоглы, «Қазақфильм» бірлестігінің президенті Азамат Сатыбалды, Өзбекстан кинематография агенттігінің басшысы Фирдос Абдухаликов, Түркия кинематография басқармасының бас директоры Еркин Йылмазот, Қырғыстан кинематография департаментінің директоры Ақжол Бекболатв, сонымен қатар ТҮРКСОЙ-дың кинемотаграфия жөніндегі өкілі Салим Эзер қатысты.
Ассоциацияны құрудағы мақсат – түркі әлемі киноөнерін жандандыру, біріккен киножобаларды жасау, жаңа фильмдер өндіру және түркітілдес мемлекеттерде фильмдерге арналған бірыңғай кинопрокат жүйесін қалыптастыру.
Одақтың басым бағыттарының бірі – Ташкент халықаралық кинофестивалі және «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалінің деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу.
Болашақта түркі халықтарының біріккен киножобаларының платформасы болатын түркі әлемінің Киноакадемиясын құру жоспарланған.