Қазалылық боксшы қыз Азия чемпионы атанды

46
0

Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан шыққан боксшы Гүлсая Ержан Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 

Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта финалда шаршы алаңның иесі, таиландтық Порниппа Чутимен рингке шықты. 

Төрешілердің есебі – 3:2, Гүлсая Ержанның пайдасында.

Бапкері - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: