Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен бас тартты

28
0

Боксшы 2019 жылы IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті Сергей Деревянченконы жеңіп алған еді.

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белдігін қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Halyq Uni хабарлады.

Головкин осы атаққа үміткер, бразилиялық Эскиво Фалькаомен кездесуден бас тартты. Осылайша, ол бұл тұжырымдағы орта салмақ белдігін босатып берді. 

Енді Фалькао чемпиондық белдікті алу үшін австралиялық Майкл Зерафпен кездеседі деп жоспарланып отыр.


Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: