Жарақат алған Темірлан Анарбеков «Қайрат» сапына оралды

3
0


Фото: anarbekov_temirlan77 / instagram


«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков команда сапына оралды.

 Бұл туралы жаңалық клубтың әлеуметтік желісінде жарияланды. 

— Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті, — делінген жазбада.

Еске салайық, тамыз айында Шотландияның Глазго қаласында өткен «Селтикке» қарсы ойында Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оны 21 жастағы Темірлан Анарбеков ауыстырды.

Кейін қыркүйек айында «Қайрат» пен «Ақтөбеге» арасындағы ойында Темірлан Анарбековтың өзі жарақат алды. Ойынға 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шықты.

Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жарақат алған қақпашылардың жағдайы қалай екенін айтты.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: