Сирияда жер сілкінісінен 2,8 мың адам қаза болды

3
0

Сирияның түрлі аймақтарында екі жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 2802-ге дейін өсті. Зардап шеккендердің саны – 5 035, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

6 ақпаннан бері Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус аудандарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша (Башар Асад режимінің бақылауында) Алеппо, Латакия, Хама және Тартуста 1262 адам мерт болып, 2 285 адам жараланды.

Сирияның солтүстігіндегі оппозиция бақылауындағы аудандарда көптеген ғимараттар қирап, бүлінген.

Сирияның адам құқықтарын қорғау ұйымы (SNHR) және Сирияның азаматтық қорғаныс басқармасы Идлиб пен «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймағында кем дегенде 1540 адам қаза тауып, 2 750 адам жараланғанын хабарлайды.

Түркиядағы жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда, Ливанда, Кипр аралында және Иракта да тіркелді.

Түркияда жер сілкінісінен қаза болған адам саны 9 057-ге жетті, 52 979 адам жараланды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: