Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 7 елдегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы Төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
«Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні бейсенбі күні үкіметтің ресми басылымы – Resmi Gazete-де жарияланды.
Шешімге сәйкес, Астанадағы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.
Оның орнына Мустафа Капуджу тағайындалды. Ол бұған дейін құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры лауазымын атқарды», - делінген Анадолы мәліметінде.
Сурет: aa.com.tr