18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

0
0


Әр жылдың 18 сәуірінде әлем жұртшылығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – адамзаттың ортақ мұрасы болып саналатын тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды сақтау мен қорғаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару.

Мәдени мұра – әрбір халықтың тарихы мен рухани байлығын айғақтайтын құндылық. Сондықтан бұл күннің халықаралық деңгейде атап өтілуі тегін емес. Атаулы күн қарсаңында облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ басшысы Ерғазы Алданазаров өңірдегі мәдени ескерткіштердің маңызын айтып өтті.

– Облыс көлемінде 567 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 31-і республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 280 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған. Ескерткіштерді қорғау мәселелері қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және облыс аумағындағы тарихи орындар қала, ауыл, кент әкімдіктерінің теңгеріміне беріліп, бақылау күшейтілген. Бүгінде барлық ескерткіштерге қорғау тақталары толық орнатылып, паспорттары жасалды. Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Атап айтсақ, ежелгі өркениет ошақтары саналатын сақтардың орталығы Бәбіш мола, оғыздардың ордасы Жанкент және қыпшақ, қазақ хандықтарының астанасы болған Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша биылғы жылы Жетіасар мәдениеті ескерткішіне археологиялық зерттеулер жүргізіледі, – деді Ерғазы Жарылқасынұлы.

Сурет Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: