Ұлттық қордан балаларға аударылған қаражатты қандай мақсаттарға жұмсауға болады

11
0

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қордан балаларға аударылған қажатты қандай мақсаттарға жұмсауға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала 18 жасқа толған кезде, бұл қаражат оның меншігі болып саналады. Ол қаражатты қалай пайдалану керек екенін өз бетінше шешуі керек, яғни білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Нысаналы мақсатын растау уәкілетті операторларға білім беру қызметтерін алуға арналған шартты немесе баспана сатып алу туралы шартты ұсыну негізінде беріледі. Бұл ретте, шетелдік ЖОО-да оқу ақысын төлеуге де қаражатты пайдалануға шектеу болмайды», - деді Д. Темірбеков Сенат депутаттарымен кездесу кезінде.

Оның айтуынша, тұрғын үй сатып алу үшін бұл қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат беріледі.

«Осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеулер болмайды», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында аударылатын қаражат туралы айтты.

Баланың шотына жыл сайын 150-160 АҚШ доллар сомасында қаражат аудары ескерілген.

Шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толғандар ғана пайдалана алады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: