Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

1
0

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 2 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,04 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,84 теңге.
1 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,95 тиынға төмендеп, 444,94 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443– 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 444,5 – 448 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,71 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.

сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: