Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

3
0

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,63 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін – 455,69 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 455,5 теңге, сатып алу – 457,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 456 теңгеден болса, сатып алу – 457,5 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 5,02 – 5,12 теңге аралығында, Астанада көрші ел валютасы 5,05 – 5,15 теңгеге саудаланып жатыр. 

Айта кетейік, қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр.


Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: